Тоқмұханбетов Қуаныш Серікбайұлы
№142 «ХХХ жылдық Қазақстан» орта мектебінің директоры Қ.Тоқмұханбетов 1972 жылы 22 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық кеңесінде дүниеге келді. 1979-1989 жылдары №142 «ХХХ жылдық Қазақстан» орта мектебінде онжылдық
білім алды.
1990 жылы Жамбыл педагогикалық институтына түсіп, 1995 жылы осы институтты физика-математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Институтты бітірген соң 1996 жылдың сәуір айынан бастап №142 орта мектепте физика-математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 1996 -2001 жылдар аралығында №142 орта мектепте физика-математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2001-2008 жылдар аралығында №142 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2008 жылдың маусым айында конкурстық негізде Бірлестік ауылындағы №142 орта мектептің директоры болып тағайындалды.
2003-2005 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Сот және әділ сот» факультетіне оқуға түсіп, заңгер мамандығын қосымша алды.
2010 жылы Таразда өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының дипломымен, 2003 жылы облыстық білім басқармасы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, 2005 жылы Шиелі аудандық білім беру және спорт бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Отбасылы. 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.