|
|
|
ӨМІРБАЯН
Тоқмұханбетов Серікбай Мырзахметұлы 1929 жылы Сырдария ауданы, 1-Май колхозында дүниеге келген. Сол ауылда Орджоникидзе атындағы орта мектепті бітіріп, 1946 жылы Қызылорда педагогикалық институтына түсіп, 1950 жылы бітіріп шықты.
1950-1953 жылдар аралығында армия қатарында болған.
1953 жылы 23 қарашада Шиелі ауданына қарасты «Тартоғай» жетіжылдық мектебінің директоры болып тағайындалды.
1955-56 жылдары «Ким» жетіжылдық мектебінде мұғалім болған.
1956-59 жылдары Сырдария ауданына қарасты Ломоносов атындағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған.
1965 жылы қыркүйекте Сұлутөбеде ашылған кешкі жастар орта мектебінің директоры болған.
1976 жылдың мамыр айынан №142 «ХХХ жылдық Қазақстан» сегізжылдық мектебінің директоры, 1977 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектептің орта мектепке айналуына байланысты осы мектептің директорлық қызметін атқарған. Ол мектептің оқу-материалдық базасын күшейту, кабинеттік жүйеге, оқытудың жаңа мазмұнына көшуге, шәкірттердің білім сапасын жақсартуда ұжымның барлық күш-жігерін жұмылдыра білді.
1992 жылы Тоқмұханбетов Серікбай «Облысқа ерекше еңбегі сіңген» деген атақпен құрметті дербес зейнеткерлікке шықты.
Еңбек марапаттаулары:
- Қаз ССР оқу үздігі;
- Қаз ССР білім министрлігінің Құрмет грамотасы;
- «Еңбек ардагері» медалі;
- «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" белгісі;
Жанұяда 5 бала тәрбиелеп өсірген. |
|