Тоқмұханбетов  Қуаныш Серікбайұлы

       №142 «ХХХ жылдық Қазақстан» орта мектебінің директоры Қ.Тоқмұханбетов 1972 жылы 22 қыркүйекте Қызылорда облысы,  Шиелі ауданы,     Сұлутөбе ауылдық кеңесінде дүниеге келді. 1979-1989   жылдары   №142  «ХХХ  жылдық  Қазақстан»   орта мектебінде онжылдық         
білім алды.
      1990 жылы  Жамбыл педагогикалық институтына  түсіп, 1995 жылы осы институтты физика-математика  пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты.  Институтты бітірген соң 1996 жылдың сәуір айынан бастап  №142 орта мектепте физика-математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты.          1996 -2001 жылдар аралығында №142 орта мектепте физика-математика пәнінің мұғалімі  болып жұмыс істеді.
      2001-2008 жылдар аралығында №142 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  қызметін атқарды.
     2008  жылдың маусым айында  конкурстық негізде Бірлестік ауылындағы   №142 орта мектептің директоры болып тағайындалды.
     2003-2005 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінің   «Сот және әділ сот» факультетіне оқуға түсіп, заңгер мамандығын қосымша алды.
     2010 жылы Таразда өткен  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының дипломымен,  2003 жылы  облыстық білім басқармасы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің  Құрмет грамотасымен,         2005 жылы  Шиелі аудандық білім беру және спорт бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.  Отбасылы. 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.

 

 

 

 

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бірлестік ауылы
№142 «ХХХ жылдық Қазақстан»  орта мектебі
Жұмыс тел: 8 (724 32)51-0-32, ұялы тел: 8 775 127 07 88

   
Hosted by uCoz