№ 142 «ХХХ жылдық Қазақстан» атындағы орта мектебінің тарихы

Бимұхамедов Әлі деген кісінің басқаруымен Бірлестік колхозының «Ескі қоныс» елді мекенінде жеті жылдық мектеп  ашылды.  Мектептің алғашқы директоры 1936-1942 жылдары Бимұхамедов Әлі, кейіннен Көпішов Құланбай болды.         
1943 -1949 жылдары мектепте директор Сыздықов Дүйсенәлі,  1950-1954 жылдары Құдияров Жәміш директор болды.      1955-1956 жылдары мектеп директоры Төлегенов Нақыпбек болып, сол жылы мектеп сегіз жылдық болды.
1956-1962 жылдары мектеп директоры Төкенов Төрәлі болды. 1971 жылы бұл мектеп «Ескі қоныс» деген жерге көшіп, сондағы «Тасшоқы» бастауыш мектебімен бірікті. 1-Май совхозының келімсек шешендер бригадасы қам кесектен тұрғызған мектеп ғимараты әлі күнге халықтың игілігіне жұмыс істеуде.
1976 жылы мектеп мұғалімдерінің, ауыл адамдарының күшімен мектептің жаңа директоры Тоқмұханбетов Серікбайдың ұйымдастыруымен мектептің терістік жағы тұрғызылды. Сол жылы жаңа оқу жылында мектеп орта мектепке айналды.   Оқу-тәрбие директорының орынбасарына            № 41 мектептің физигі Жакупов Жұмабек, ұйымдастырушылыққа № 40 мектептің мұғалімі Бегдімұратов Мырзабек шақырылды. Мектеп жанынан тәжірибе мөлдекшесі ұйымдастырылып, көгалдандырылып,  жабдықталған география алаңы құрылды. Мектеп жаңа техникалық, визуалдық құралдармен, инвентарьлармен жабдықталды. Шеберхана, ұстахана, монтаждау кабинеті жабдықталды. Аудандық, облыстық кабинеттер байқауында бастауыш сынып қол еңбегі кабинеті (Жұманова Назым), өндіріс-оқу кабинеттері (Шерімбетов Махмут) үздік аталынып, аудан чемпиондары атағын алды. Облыс деңгейінде екі рет семинар өткізіліп, мектеп аудандағы тәуір мектептер деңгейіне көтерілді. Мектепке жаңа трактор, автомашина сатып алынды.
Осы    жұмыстардың  нәтижесінде  мектеп     директоры  Тоқмұханбетов Серікбай СССР оқу министірлігінің «Құрмет» грамотасымен, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері белгісімен, оқу ісінің меңгерушісі Бегдімұратов Мырзабек Қазақ ССР оқу министірлігінің «Құрмет» грамотасымен наградталған. Мектеп директоры Тоқмұханбетов Серікбай «Облысқа ерекше еңбегі сіңген» деген атақпен құрметті дербес зейнеткерлікке шықты. Шерімбетов Махмут пен Жұманова Назым ұзақ жылдық еңбектері үшін Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері белгісімен, «Аға мұғалім» деген атақпен марапатталынды.
1992-2001 жылдар аралығында Әлжанов Ғалымжан мектеп директоры қызметін атқарды.            2000-2001 оқу жылының түлектері  мемлекеттік грантты жеңіп алу жөнінен аудан бойынша үздік көрсеткіш көрсетті.
2001 жылдан 2008 жылға дейін Айгүл Бейсбаева директорлық қызмет атқарды.
Қазіргі уақытта Тоқмұханбетов Қуаныш директорлық қызмет атқарады.

 

Осы  білім ошағынан шыққан елге белгілі тұлғалар:

Әбдібаев Шайтұрсын -  Қазақ ССР –нің еңбек сіңірген әртісі.
Үмбетов Мұратбай –  КСРО суретшілер одағының  мүшесі.
Кененбаев Аманкелді – Қазақстан Республикасының
суретшілер одағының мүшесі.
Яшкурова Өріс - ақын,  журналист, Қазақстан телерадио  компаниясында қызмет атқарған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бірлестік ауылы
№142 «ХХХ жылдық Қазақстан»  орта мектебі
Жұмыс тел: 8 (724 32)51-0-32, ұялы тел: 8 775 127 07 88

   
Hosted by uCoz