ӨМІРБАЯН

         Тоқмұханбетов Серікбай Мырзахметұлы 1929 жылы Сырдария ауданы,  1-Май колхозында  дүниеге келген. Сол ауылда Орджоникидзе атындағы орта мектепті  бітіріп, 1946 жылы Қызылорда педагогикалық институтына  түсіп, 1950 жылы  бітіріп шықты.
1950-1953 жылдар аралығында  армия қатарында болған.
1953 жылы 23 қарашада  Шиелі ауданына қарасты «Тартоғай» жетіжылдық  мектебінің  директоры  болып тағайындалды.
1955-56 жылдары «Ким» жетіжылдық мектебінде мұғалім болған. 
1956-59  жылдары  Сырдария ауданына қарасты Ломоносов  атындағы  орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған.
1965 жылы  қыркүйекте  Сұлутөбеде ашылған кешкі жастар орта мектебінің директоры болған.
1976 жылдың мамыр  айынан №142 «ХХХ жылдық Қазақстан» сегізжылдық мектебінің директоры, 1977 жылдың 1 қыркүйегінен  бастап мектептің орта мектепке айналуына   байланысты осы мектептің директорлық қызметін атқарған. Ол мектептің оқу-материалдық базасын күшейту, кабинеттік жүйеге,  оқытудың  жаңа мазмұнына  көшуге, шәкірттердің білім сапасын  жақсартуда   ұжымның барлық күш-жігерін жұмылдыра білді.
1992 жылы Тоқмұханбетов Серікбай «Облысқа ерекше еңбегі сіңген» деген атақпен құрметті дербес зейнеткерлікке шықты.
Еңбек марапаттаулары:

  1. Қаз ССР оқу үздігі;
  2. Қаз ССР білім министрлігінің Құрмет грамотасы;
  3. «Еңбек ардагері» медалі;
  4. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" белгісі;

Жанұяда    5 бала тәрбиелеп өсірген.                                                                 

 

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бірлестік ауылы
№142 «ХХХ жылдық Қазақстан»  орта мектебі
Жұмыс тел: 8 (724 32)51-0-32, ұялы тел: 8 775 127 07 88

   
Hosted by uCoz